«Дінмұхамед медициналық көмекке мұқтаж азаматқа дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалды. Оның уақыт оздырмай қабылдаған шешімі, сауатты іс-қимылы өзі сияқты медицина мамандығында білім алатын жастарға үлгі-өнеге болды. Бұл арқылы Дінмұхамед өз мамандығын жақсы меңгергенін ғана емес, ата-анасынан, ұстаздарынан, аға буын әріптестерінен тағылымды тәрбие алғанын көрсетті. Дінмұхамед секілді жас мамандар – еліміздің болашағы. Біз осындай азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп, ерлік ісін өскелең ұрпаққа үлгі етіп насихаттауымыз қажет», - деді Нұрлыбек Нәлібаев.Еске салсақ, Дінмұхаммед Бектұрған ұшақта жүрегі тоқтап қалған адамның өмірін сақтап қалған болатын.
Нұрлыбек Нәлібаев ұшақта адам өмірін құтқарған жігітке грант бөлді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Дінмұхаммедтің 10 қаңтарда «Қызылорда - Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo. Әкім жас жігітке жас

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Дінмұхаммедтің 10 қаңтарда «Қызылорда - Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.
Әкім жас жігітке жас болса да, шұғыл әрі батыл, сауатты әрекет жасағанына ризашылығын білдірді. Баласына жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін ата-анасына алғысын жеткізді.
Интерн маман оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлаған. Аймақ басшысы елдің атынан алғыс ретінде Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін айтты.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бывший актив Боранбаева окончательно закрепили за «КазМунайГазом»
Жаннұр Еділбаева·