Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Өгей әкесі 13 жасынан зорлаған болып шықты»: Таразда жүкті болып қалған қыздың ісі полицияға берілді

Фото: istockphoto Босанған жас әйелді алып кеткен облыстық перинаталдық орталық дабыл қаққан. Күдікке бірінші іліккен қыздың 54 жастағы өгей әкесі күні кеше бағдарламада «арым таза» деп, кінәсін мойындамаған еді. Алайда екі талдау нәтижесі де оның жаңа туған сәбидің әкесі екенін

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
«Өгей әкесі 13 жасынан зорлаған болып шықты»: Таразда жүкті болып қалған қыздың ісі полицияға берілді
Фото: istockphoto Босанған жас әйелді алып кеткен облыстық перинаталдық орталық дабыл қаққан. Күдікке бірінші іліккен қыздың 54 жастағы өгей әкесі күні кеше бағдарламада «арым таза» деп, кінәсін мойындамаған еді. Алайда екі талдау нәтижесі де оның жаңа туған сәбидің әкесі екенін көрсетті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар. Үлкені бірінші некеден, екеуі екіншісінен. Өгей әкесі жарының бірінші қызын 3 жасынан бастап өсірген. Анасы қыздың жүкті екенін толғағы басталғанда ғана білген. «ДНК сараптамасы жаңа туған нәрестенің әкесі өгей әкесі екенін көрсетті. Алайда ерлі-зайыптылар мамандардың қателескенін айтып, сарапшылар ДНҚ нәтижелерін бұрмалады деп айыптады.
Талдама нәтижесіне сенбеген ол, тіпті, тәуелсіз ДНҚ сараптамасын жасату үшін Алматыға да барған, онда да оның әкесі екені тағы бір мәрте дәлелденді»,-делінген HALYQSTAN материалында.
Өгей әкесі қамауға алынғаннан кейін ғана бәрін мойындады. Қызымен алғаш жыныстық қатынасқа түскенде ол небәрі 13 жаста болған. Өгей әкесі ұсталған кезде ғана қыз анасына ашылып, бәрін айтып берген, оған дейін одан қорыққан болып шықты. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігімен (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) іс қозғады. Енді ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тараз қаласының тұрғыны телеарнадан көмек сұрап хабарласқан. 39 жасар келіншектің сөзіне сенсек, оның 16 жасар қызын бір жыл бұрын әлдекім зорлаған. Видеода басты күдікті қыздың өгей әкесі екені айтылған, бірақ оның өзі кінәсін мойындамағанын еске саламыз.

Ұқсас материалдар

«Өгей әкесі 13 жасынан зорлаған болып шықты»: Таразда жүкті болып қалған қыздың ісі полицияға берілді · Todayinfo