Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Өмір тек қайғыдан тұрмайды»: ҚМДБ Майғазиевтің тойына барған Бас мүфтиді жақтап, сынға жауап берді

Сәкен Майғазиевтің тойына барам деп сөзге қалған Бас муфти Наурызбай Өтпеновті ҚМДБ өкілі қорғап, пост жазды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұған дейін елімізде болған қайғылы оқиғаларда бас көрсетпеген Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының тойға Астанадан жетіп келгенін журналист Ди

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Өмір тек қайғыдан тұрмайды»: ҚМДБ Майғазиевтің тойына барған Бас мүфтиді жақтап, сынға жауап берді
Сәкен Майғазиевтің тойына барам деп сөзге қалған Бас муфти Наурызбай Өтпеновті ҚМДБ өкілі қорғап, пост жазды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін елімізде болған қайғылы оқиғаларда бас көрсетпеген Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының тойға Астанадан жетіп келгенін журналист Диас Нұрақын сынаған болатын.
«БҚО-да бес бала өртеніп өлгенде жаназаларына бармаған, Ақтауда ұшақ апатқа ұшырағанда құран бағыштамаған, Астанада автобус апатынан шынашақтай қыз екі аяғынан айырылғанда жүрегі сыздамаған Бас мүфти бүгін Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында бата беріп жүр. Той дегенде қу бас домалайды деген рас-ау?!», — деп журналист.
ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбай Наурызбай қажы Тағанұлының бес бүлдіршіннің қазасына бармаса да, уайымдағанын айтып, имамды ақтады.
«Имамдар онсыз да қайғының бел ортасында жүреді. Міндеті. Бірақ оны ешкімге міндетсімейді. Бес бүлдіршіннің қазасына бәріміздің ет жүрегіміз езілді… Қос аяғынан айырылған қыздың да тағдырына қатты алаңдадық. Діни басқарма бұл оқиғалардан тағы да тыс қалған жоқ. Имамдар қоғам алдындағы міндетін ешкімге жарияламай-ақ атқарып жатыр...»,- деген ол, өмір тек қайғыдан тұрмайтынын айтты. «Өмір тек қайғыдан тұрмайды. Бас мүфтидің қаралы жиында ғана емес, қуанышты басқосуларда да төбе көрсетіп, бата беруі орынды іс!»,- дейді ол.

Ұқсас материалдар

«Өмір тек қайғыдан тұрмайды»: ҚМДБ Майғазиевтің тойына барған Бас мүфтиді жақтап, сынға жауап берді · Todayinfo