Қазақстандық кәсіпкер Бақытжан Бауыржанұлы әлеуметтік желідегі парақшасында үш жұбайымен бірге түскен суретін жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкер жазбасында жұбайларына деген ризашылығы мен құрметін білдіріп, олардың өміріндегі ерекше орнын атап өтті.

«Олар – өмірімнің көркі ғана емес, жан тыныштығым. Әрқайсысының өз болмысы, өз арманы мен өмірге деген көзқарасы бар. Осындай сүйіспеншілік пен қолдау сыйлайтын жандарды жолықтырғаныма Аллаға шүкір етемін. Мінсіз адам емеспін, бірақ олардың өзін әрдайым қауіпсіз әрі қадірлі сезінуі үшін барымды салуға тырысамын», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір білдірді. Бірі кәсіпкердің отбасылық ұстанымына қолдау білдірсе, енді бірі көпәйел алушылыққа қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Осылайша жарияланым әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.