Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Оның рухы - әр жетістігімде»: Асхат Аймағамбетов өмірден ерте кеткен әкесін еске алды

Белгілі депутат, бұрынғы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 43 жасқа толды. Ол туған күнінде өмірден жастай озған әкесін еске алды, деп хабарлайды Todayinfo .  «43. Енді мен әкемнен бір жас үлкенмін. Жүрекке ерекше әсер ететін, біртүрлі сезім. Ә

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Оның рухы - әр жетістігімде»: Асхат Аймағамбетов өмірден ерте кеткен әкесін еске алды

Белгілі депутат, бұрынғы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 43 жасқа толды. Ол туған күнінде өмірден жастай озған әкесін еске алды, деп хабарлайды Todayinfo.

 «43. Енді мен әкемнен бір жас үлкенмін. Жүрекке ерекше әсер ететін, біртүрлі сезім. Әкем мен үшін әрдайым дана, ақылды, сабырлы, өз жолын нақты білетін тұлға еді. Оның рухы бүгінде менің әр шешімімде, әр жетістігімде, әр қиындығымды еңсерген сәттерімде»,- деп жазды ол.

Депутат әкесінің осындай бейнесінің жадында мәңгі қалуына анасының үлесі зор екенін айтты.

«Бірақ осының бәрі-анамның арқасы. Әкеміздің армандарын, болмысын, рухын анам ерекше бір жан жылуымен, асқан ыждағаттылықпен сақтап қалды.

Мен сол кезде кішкентай бала болсам да, анамның әңгімелері арқылы әкемнің бейнесі санама айқын сіңді. Сол әңгімелердің, шексіз махаббаттың арқасында әкем әлі де арамызда.

Анам маған өзіме, өз еңбегіме, кез келген нәрсені жақсартуға болады деген іштей сенімді де дарытты. Бүгінде оны growth mindset деп атайды. Ал мен үшін ол анамның бейсаналы даналығы, махаббат пен сенім арқылы берілген өмірлік күш.

Баршаңызға құттықтауларыңыз бен тілектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Денсаулық пен бақ-береке тілеймін! - деп жазды депутат.

Фото:скрин

Ұқсас материалдар

«Оның рухы - әр жетістігімде»: Асхат Аймағамбетов өмірден ерте кеткен әкесін еске алды · Todayinfo