Фото: Tengrinews.kz Белгілі уағызшы Мұхамеджан Тазабек қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіріп, сын мен шабуылдарға төзімділік таныту қажеттігін айтты,деп хабарлайды Todayinfo "Мұндай шабуылға шыдау, білмеске ренжімеу, сынаққа сабыр ету, өсекті өткізіп жібе
Фото: Tengrinews.kz
Белгілі уағызшы Мұхамеджан Тазабек қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіріп, сын мен шабуылдарға төзімділік таныту қажеттігін айтты,деп хабарлайды
Todayinfo
"Мұндай шабуылға шыдау, білмеске ренжімеу, сынаққа сабыр ету, өсекті өткізіп жіберу – қай заманнан, әлгі бір кісі айтқандай, Әбекең үшін 'сән ғой', ол…" – деп жазды ол.
Ол сөз арасында тарихтың қайталанатынын, ақиқат жолында жүрген әрбір адамның сынаққа ұшырайтынын атап өтті.
"Пайғамбарды да (с.ғ.с) табалаған, одан кім ұтты?! Пайғамбар да (с.ғ.с) зұлымдық көрген, одан кім ұтылды?!"– деп, бұл жағдайдың уақытша құбылыс екенін меңзеді.
Сондай-ақ, Тазабек белгілі бір тұлғаның өмір жолына тоқталып, оның көрген қиындықтарын баяндады.
"Әскерден соң Ташкентте ілім алып, алмағайып заман болғанда Орта Азияның бас мүфтиіне оққағар боп, бүлікшілерден сақтап, басын оққа байлаған… Ғұламалардың батасын алған, ғалымдардың дұғасында болған…"– деп, оның діни қызметтегі орнына ерекше назар аударды.
Қоғамдағы келеңсіз пікірлерге мән бермеуге шақырған Тазабек:
“Қасиетті ай, оның үстіне бүгін жұма, өзімізге де, өзгеге де жақсылық тілейік. Алла елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын!" – деп ойын қорытындылады.