Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Орамал тағып, Құдайды мазақтадың»: Абай Бегейдің қызы желіде сынға ұшырады

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуға тырысқан блогерлер — Абай Бегейдің қызы Сымбат пен алматылық блогер Сымбат Қасымова — қоғамда теріс реакция туғызған италиялық әнге видео түсіріп, сын астында қалды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Желі қолданушылары оларды

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Орамал тағып, Құдайды мазақтадың»: Абай Бегейдің қызы желіде сынға ұшырады
Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болуға тырысқан блогерлер — Абай Бегейдің қызы Сымбат пен алматылық блогер Сымбат Қасымова — қоғамда теріс реакция туғызған италиялық әнге видео түсіріп, сын астында қалды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Желі қолданушылары олардың әрекетін орынсыз деп бағалап, діни рәміздерді мазақ еткен деп айыптады. Видеода хиджаб киіп, атышулы шетелдік әннің ырғағына билеген блогерлердің әрекеті желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды. Пікір қалдырушылардың көпшілігі мұндай әрекетті әдепсіз әрі дінге құрметсіздік ретінде бағалады: «Тренд түсіреміз деп масқара болған екенсіздер», «Елдің бәрі осының мағынасын, аудармасын жарыса жазып жатыр. Соның бәрін біле тұра, елден қалмаймыз деп тренд қуалап, сұмдыққа барған екенсіздер», «Орамал тағып алып, Құдайды мазақтадың», – деп жазды желідегілер.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сымбат Касимова (@_sajol)

Ұқсас материалдар

«Орамал тағып, Құдайды мазақтадың»: Абай Бегейдің қызы желіде сынға ұшырады · Todayinfo