Todayinfo.kz
Алматы облысыБарлық жазбаларды қарау

«Түнгі аспанда 500 дрон»: Қазақстан картасы Қонаев көгінде қалықтады

Қонаев қаласының тұрғындары ерекше көріністің куәсі болды, деп хабарлайды Todayinfo . Түнгі қаланың аспанында дрондар қалықтап, көл жағасындағы қала тұрғындары мен қонақтар заманауи технология арқылы жасалған шоуды тамашалады. Цифрлық дәуірдің жетістіктері арқылы көпшіліктің көңі

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
«Түнгі аспанда 500 дрон»: Қазақстан картасы Қонаев көгінде қалықтады

Қонаев қаласының тұрғындары ерекше көріністің куәсі болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Түнгі қаланың аспанында дрондар қалықтап, көл жағасындағы қала тұрғындары мен қонақтар заманауи технология арқылы жасалған шоуды тамашалады. Цифрлық дәуірдің жетістіктері арқылы көпшіліктің көңіліне патриоттық сезімді қалыптастыратын ерекше көрініс көрсетілді.

Халық дрондар шоуы арқылы алдағы күндері ел тағдыры үшін шешуші сәттің маңыздылығын да сезінді.

Қонаев қаласының орталық алаңында 500-ден астам дрон әуеде қалықтап, түрлі бейнемен безендірілген аспан көрермен көңіліне ерекше әсер сыйлады.

Ұлттық болмыс ерекшелігінен сыр шерткен Қазақстан картасы, шаңырақ, Наурыз мерекесімен құттықтау жазбасы да көрерменнің көңіліне қуаныш сыйлап қана қоймай,  халықтың патриоттық сезімін арттырды. «Жаңа Конституция», «Қазақстан», «Алматы облысы», «Наурыз құтты болсын!», «15 наурыз – референдум» деген жазулар Қонаев көгінде қалықтады.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, коалиция мүшелері, зиялы қауым өкілдер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жиналған көпшілікке Алматы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов пен Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиев сөз сөйлеп, тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«15 наурыз күні әр азамат өз таңдауын жасайды. Бұл Ата заң – жастардың Конституциясы. Себебі онда жастардың дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына және ел экономикасының ілгерілеуіне басымдық берілген. Әрқайсымыз өз дауысымызды беріп, референдумға қатысайық», – деді Ерболат Тұрымбетов.

Әсіресе «15 наурыз – референдум», «Жаңа Конституция» жазулары елімізде болып жатқан саяси науқанның маңызын айқындап, жиналған жұрттың ертеңгі күнге деген жауапкершіліктің маңызды екенін оятты.

«Қазақстанның қазіргі Конституциясы халыққа 30 жыл қызмет етті. Бүгін біз егемен ел ретінде жаңа маңызды құжатты қабылдау мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Жаңа Конституция жобасында еңбек құқық ретінде белгіленген. Яғни халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі», – деді  Қазыбек Дауталиев.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қала тұрғындарға республикалық референдум жайлы ақпараттық брошюралар таратылды.

Ұқсас материалдар