Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Пәтерді заңсыз қайта жоспарлау: айыппұл кімдерге және қанша мөлшерде салынады?

Пәтерді кеңейту немесе интерьерді жаңарту ойы көп адамға таныс. Алайда көпқабатты үйде жасалған кез келген өзгеріс рұқсатсыз болса, қомақты айыппұл мен міндетті қалпына келтіру жұмыстарына әкелуі мүмкін. Әсіресе, тіреу қабырғаларына қатысты өзгерістер заңмен қатаң бақыланады. Бұл

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Пәтерді заңсыз қайта жоспарлау: айыппұл кімдерге және қанша мөлшерде салынады?

Пәтерді кеңейту немесе интерьерді жаңарту ойы көп адамға таныс. Алайда көпқабатты үйде жасалған кез келген өзгеріс рұқсатсыз болса, қомақты айыппұл мен міндетті қалпына келтіру жұмыстарына әкелуі мүмкін. Әсіресе, тіреу қабырғаларына қатысты өзгерістер заңмен қатаң бақыланады. Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.

Заң не дейді?

Астана қаласының сәулет басқармасының мәліметінше, тіреу қабырғаларын рұқсатсыз қайта жоспарлау Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 322-бабы бойынша жауапкершілікке әкеледі. Сонымен қатар, пәтер иесіне заң бұзушылықты жою туралы міндетті нұсқама беріледі.

Айыппұл мөлшері қандай?

Рұқсатсыз қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау үшін айыппұл көлемі мынандай:

  • Жеке тұлғаларға – 30 АЕК (117 960 теңге)

  • Лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес пен ҮЕҰ-ға – 90 АЕК (353 880 теңге)

  • Орта бизнеске – 150 АЕК (589 800 теңге)

  • Ірі бизнеске – 300 АЕК (1 179 600 теңге)

Ал егер бұл әрекеттер ғимараттың бұзылуына әкелуі мүмкін болса, айыппұл бірнеше есе өседі:

  • Жеке тұлғаларға – 80 АЕК (314 560 теңге)

  • Лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес пен ҮЕҰ-ға – 180 АЕК (707 760 теңге)

  • Орта бизнеске – 250 АЕК (983 000 теңге)

  • Ірі бизнеске – 500 АЕК (1 966 000 теңге)

Әлеуметтік желіде талқыланған пәтер туралы

Жақында Астанадағы бір бөлмелі пәтер әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Пәтер иесі асүйді әйнектелген балконға көшіріп, онда плита мен раковина орнатқан.

Бұл шешім желі қолданушыларын екіге бөлді: бірі дизайнды қолдаса, енді бірі оның заңдылығына күмән келтірді. Қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бұл пәтер бойынша әзірге тексеріс жүргізілмегенін хабарлады.

Ресми түсініктемеге сәйкес, тексеріс тек ресми шағым түскен жағдайда басталады. Ал қайта жоспарлау тіреу қабырғаларына қатысты болса, міндетті түрде техникалық жоба әзірленуі керек.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда да ерекше жоспарланған пәтер жарнамасы қоғам назарын аударған еді: асүй, қонақ бөлме және санитарлық торап бір кеңістікте біріктірілген.

Ұқсас материалдар

Пәтерді заңсыз қайта жоспарлау: айыппұл кімдерге және қанша мөлшерде салынады? · Todayinfo