Павлодар – Омбы тасжолында мұзтайғақта екі әйел жүргізуші қаза тапты
Павлодар – Омбы тасжолында мұзтайғақта Toyota Vitz қарсы бетке шығып, Hyundai Accent-пен соқтығысты. Екі әйел жүргізуші қаза тапты.

Павлодар облысында жол апатынан екі әйел жүргізуші көз жұмды. Қайғылы оқиға Павлодар – Омбы бағытындағы тасжолдың Бобровка ауылы маңында тіркелген.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Vitz тізгініндегі әйел мұзтайғақта көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол сәтте ол Hyundai Accent көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында мерт болғанын хабарлады. Екінші әйел жүргізуші Теренкөл ауданындағы ауруханада көз жұмған.
Жол апаты кезінде көліктердің бірінде болған жолаушы да зардап шекті. Жедел жәрдем оны Павлодар облыстық ауруханасына жеткізген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·