Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан мен Моңғолия келіссөздер қорытындысы бойынша 13 келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия ресми делегацияларының келіссөздері қорытындысы бойынша әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Қазақстан мен Моңғолия келіссөздер қорытындысы бойынша 13 келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы мен Моңғолия ресми делегацияларының келіссөздері қорытындысы бойынша әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, тараптар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Моңғолия Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Моңғолия Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрлігі арасында уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қаржы секторына ерекше назар аударылды — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Моңғолия Қаржы министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұнай саласында уағдаластықтар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Моңғолияның салалық ведомствосы арасында бекітілді.

Сонымен қатар, 2026–2027 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Банк саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Моңғолия Банкі арасында меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен Erdenes Mongol LLC ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды.

Өңіраралық өзара іс-қимыл шеңберінде Астана қаласының әкімдігі мен Хархорум қаласы әкімшілігі, сондай-ақ Алатау қаласының әкімдігі мен Хархорум әкімшілігі арасында «Жаңа Хархорум» жобасы аясында меморандумдарға қол қойылды.

Тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы да келісті — тиісті меморандум Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Моңғолия Ұлттық қоғамдық радио және теледидары арасында жасалды.

Ғылыми салада Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы арасында құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Шыңғысхан» ұлттық музейі ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Фото: Ақорда

Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Моңғолия келіссөздер қорытындысы бойынша 13 келісімге қол қойды · Todayinfo