Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Полиция ұрып-соқты»: Тоқтаубаев тергеу кезіндегі жауабынан сотта бас тартты

Шерзат Полаттың өліміне қатысты Іле аудандық сотында өтіп жатқан сот процесінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезіндегі көрсетпелерінен толығымен бас тартты. Оның айтуынша, жауап алу барысында оған қысым көрсетіліп, адвокат берілмеген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агентт

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Полиция ұрып-соқты»: Тоқтаубаев тергеу кезіндегі жауабынан сотта бас тартты
Шерзат Полаттың өліміне қатысты Іле аудандық сотында өтіп жатқан сот процесінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезіндегі көрсетпелерінен толығымен бас тартты. Оның айтуынша, жауап алу барысында оған қысым көрсетіліп, адвокат берілмеген, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі
«Тергеу кезінде мен адвокатсыз жауап бердім. Маған қысым көрсетілді. Талғар полиция бөлімшесінде мені ұрып-соқты. Қылмыстық атқару жүйесіне енген кезден бастап таяқ жедім. Барлығы ұрды. «Мына жауапты бересің» деп мәжбүрледі», – деді сотта Тоқтаубаев.
Тоқтаубаев тергеу барысында Шерзат Полатты Дархан Әскентай үшін кек алып ұрғанын мойындаған. Алайда сот отырысында ол бұл сөзінен толық бас тартып, тергеу кезінде азапталғанын және көрсетпелердің шынайы емес екенін мәлімдеді. «Мен өзімнің сол жауаптарды қолдамаймын. Жауапкершілік маған дұрыс түсіндірілмеді. Қаржаубай да бізді атқару жүйесінде боқтап, ұрып кетті», – деп толықтырды ол. Сотталушының айтуынша, ол полиция қызметкерлерінің әрекетіне байланысты бірнеше арыз жазған.  

Ұқсас материалдар

«Полиция ұрып-соқты»: Тоқтаубаев тергеу кезіндегі жауабынан сотта бас тартты · Todayinfo