Поляк фотографтары Алматыны әлемге объектив арқылы паш етіп жүр
Алматы әйгілі поляк фотографтарының объективі арқылы тың қырынан танылып жүр. Еңбектері National Geographic секілді халықаралық алаңдарда жарияланып жүрген шеберлердің бұл сапары – шаһардың сан қырлы болмысын ашуға бағытталған. Тарихи көшелер, заманауи қаланың тынысы, асқақ таула

Алматы әйгілі поляк фотографтарының объективі арқылы тың қырынан танылып жүр. Еңбектері National Geographic секілді халықаралық алаңдарда жарияланып жүрген шеберлердің бұл сапары – шаһардың сан қырлы болмысын ашуға бағытталған. Тарихи көшелер, заманауи қаланың тынысы, асқақ таулар мен Шымбұлақтың көркем келбеті – бәрі де объективке арқау болмақ. Almaty Tourism Bureau фотографтарды қарсы алып, түсірілім жұмыстарына қолдау көрсетіп келеді.
Әрбір кадр қаланың тынысын сезіндіреді: көшелердің қарбалас ырғағы, ескі мен жаңаның үйлесімі, мегаполисті құшағына алған табиғаттың сұлу ажары айқын бейнеленеді. Фото және бейнематериалдар халықаралық медиа мен әлеуметтік желілерге арналған сапалы контент қалыптастыруға негіз болмақ.
Аталған жоба Алматының заманауи әрі тартымды туристік бағыт ретіндегі келбетін нығайта түседі. 2025 жылы қалаға 754 мың шетелдік турист табан тіресе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңнан асады деген болжам бар. Халықаралық платформалардағы жарияланымдар Алматының абыройын асқақтатып, Орталық Азиядағы бірегей орнын айшықтай түседі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·