Танымал тележүргізуші желідегі өзіне келетін хаттар жайлы жазба жариялады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша оған үйленген еркектер ұятсыз хабарламалар жіберген.

"А тағы, бүгін инстаграмда директі ашып, оқып отырсам немене бәле арамызда озабоченныйлар көп. Сұмдық! Көктем де , күз де емес қазір. 1-2 профиліне кірсем, үйленген, үлгілі отағасы, бала-шағалы ер азаматтар. Скрин жасап, позорын шығарайын деп едім, әйелін аядым да, құрысын дедім", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ләйлә ханымға қолдау білдіріп, аямау керек екенін жазуда.

"Әйелдерінің көздері ашылсын. Аямай шығарыңыз сторисқа", "Беттерін ашу керек", "Шығарыңыз, Ләйлә", - деп жазды оқырмандар.