Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Қайын әпке болдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова көптен күткен қуанышын бөлісті

Фото: коллаж Todayinfo.kz Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың туған бауыры отау құрып, қайын әпке статусын иеленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Ғажап күн! Қайын әпке болдым. Келінімді артық мазаламауға, шексіз жақсы көруге, шектен шық

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Қайын әпке болдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова көптен күткен қуанышын бөлісті
Фото: коллаж Todayinfo.kz Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованың туған бауыры отау құрып, қайын әпке статусын иеленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Ғажап күн! Қайын әпке болдым. Келінімді артық мазаламауға, шексіз жақсы көруге, шектен шықпауға уәделедім. Бізге маңыздысы тек өздеріңіздің бақыттарың! Бұл тойда бәрі әдемі болды. Жақсы жандардың бәрі жанымнан табылды. Мен үшін маңызды күні бірге болғандарыңызға рахмет! Ата-анам көптен күткен қуаныш!», деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, дүбірлі тойда Қайрат Нұртас бой көрсетті. Сондай-ақ, Жұлдыз Әбдікәрімова «Құда мың жылдық» деген дәстүрмен жалғасуда деп жазып, қайын атасының ән арнап жатқанын салды. Алайда енесі Гүлзира Айдарбекова көрінбеді. Желе қолданушылары Жұлдыздың қуанышын бөлісіп, тілектерін арнады.
«Екі жас бақытты болсын!», «Қандай әдемісіз, жақында босанды деп кім айтады», деп жазды көпшілік.

Ұқсас материалдар