Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қалыңдық қара нәсілді қыз»: Жігер Ауыпбаев жұртты алдап келген (ВИДЕО)

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев көпшілікті үйленіп жатырмын деп сендіріп, әріптестері мен достарын "беташар тойына" шақырған. Алайда тойда күтпеген жайт орын алды – қалыңдықтың рөлінде африкалық қыз шықты,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл оқиға шын той емес, әншінің жаңа бейнебаянының тұ

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Қалыңдық қара нәсілді қыз»: Жігер Ауыпбаев жұртты алдап келген (ВИДЕО)
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев көпшілікті үйленіп жатырмын деп сендіріп, әріптестері мен достарын "беташар тойына" шақырған. Алайда тойда күтпеген жайт орын алды – қалыңдықтың рөлінде африкалық қыз шықты,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл оқиға шын той емес, әншінің жаңа бейнебаянының тұсаукесері екені кейін белгілі болды. Әнші Нұрлан Еспанов тойға келіп, келіннің бетін ашу құрметіне ие болды. Алайда қалыңдықты көргенде өзі де абдырап қалғанын жасырмады:
«Бет ашамын деп ойламап едім. Су ішіп тұрсам, менің атымды атап жатыр. Беташарға 22 мың теңге салдым. Бір кезде бет ашуға шақырды. Ашып қалсам – қара нәсілді қыз. Өзім де шошып кеттім», – деді ол.
Журналист Анна Данченко бұл "тойға" арнайы Қытайдан ұшып келгенін айтып, өз таңданысын жасырмады. Ол да бұл кештің бейнебаян тұсаукесері екенін білмеген. Оқиға желіде үлкен резонанс тудырды. Көпшілік бұл әрекетті ұлттық дәстүр мен салтқа құрметсіздік ретінде бағалап, әншінің бұл қылығына наразылық білдіруде:
«Сау адамның тамағын ішіп, ауру адамның тірлігін жасапты» «Ұлт пен дәстүрді мазақ еткен» «Келінді Қызылордадан алдым деп пе еді?» «Африкалық қыздың рөлге келіскені ұят емес пе?»
Бірқатар қолданушылар бұл пранк қоғамдық талғам мен адамгершілік шекарасынан асып кеткенін айтуда.        
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

Ұқсас материалдар

«Қалыңдық қара нәсілді қыз»: Жігер Ауыпбаев жұртты алдап келген (ВИДЕО) · Todayinfo