— Мен бүгін — еркін адаммын. Екі жеке компанияда жұмыс істеймін. Балаларым, немерелерім бар. Уақытымның көбін отбасыма, сүйікті ісіме және спортқа арнаймын. Қазір ешкімге ешқандай талап-тілегім жоқ, – деді.Айта кетейік, облыстың экс-әкімі Бауржан Әбдішев 2016 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты. Сол жылы Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов та үш жылдық жазасын өтеп, шартты түрде босатылды. ЖАҚСЫБЕК ҚҰЛЕКЕЕВ 2008 жылдың сәуір айында Жақсыбек Құлекеев $100 мың пара алды деп ұсталды. Сот тамыз айында басталды. Бұдан бөлек, оған тағы үш сыбайлас жемқорлық эпизоды бойынша айып тағылды. Оған тағылған айыптардың бірі – «ҚТЖ» мемлекеттік сатып алулары арқылы өзінің отбасына тиесілі «Lexus» көлігін нарықтан жоғары бағамен, шамамен 11 миллион теңгеге сату. Сонымен қатар, «ҚТЖ» қауіпсіздік қызметкерлерін өзінің үйін тәулік бойы күзетуге пайдаланғаны, ал олардың жалақысы компания есебінен төленгені анықталды. Сондай-ақ, қызметтік лауазымын пайдалана отырып, өз туысына «ҚТЖ» тендерінің бірін жеңіп алуға көмектескені үшін айып тағылды. Жақсыбек Құлекеев бұл айыптардың ешқайсысын мойындамады. Сот үкімі 2008 жылдың қарашасында шығарылды – ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда негізгі эпизод – пара алу бойынша ол ақталып шықты. Оған «ҚТЖ» АҚ президенті қызметінде өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметтік лауазымын теріс пайдаланды деген айыптар тағылды. 2009 жылдың қазан айында, яғни бір жыл өтпей жатып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Толықтай ақтау туралы сот шешімі тек 2021 жылдың желтоқсанында ғана шығарылды. Бірақ Жақсыбек Құлекеев мемлекеттік қызметке дерлік бірден оралды. 2010 жылы ол «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес мекемесі – «Қазақ мұнай және газ институтының» басқарушы директоры болды. Қазіргі уақытта ол заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комиссияның құрамында және екі коммерциялық банктің, сондай-ақ бірнеше мемлекеттік құрылымдардың директорлар кеңесінің мүшесі. ЕРЛАН АРЫН Ерлан Арын 2013 жылдың желтоқсанында Павлодар облысының әкімі қызметінен «өз еркімен» кетті. Бірақ үш ай өткен соң қамауға алынды. Оған әкімдік қызметкерлерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды, сондай-ақ аса ірі көлемде қаражат жымқырып, пара алды деген айып тағылды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерден облыстық тендерлерді жеңіп алғаны үшін пара алу және “откат” схемаларын ұйымдастыру мәселесі көтерілді. Кейін қылмыстық істің бірнеше эпизоды бойынша айыптар алынып тасталды. Соңында тек үш айып қалды: тендерде жеңіске жеткені үшін 5 млн теңге пара алу, кәсіпкерден 1,6 млн теңге көлемінде алаяқтық жолмен қаражат жымқыру және ақшаны заңсыз жымқыру. 2014 жылдың қарашасында сот Арынды осы үш эпизод бойынша кінәлі деп тапты. Соттағы соңғы сөзінде бұрынғы әкім өз кінәсін жоққа шығарып, Назарбаевтан кешірім сұрады. Ол «президенттің сенімін ақтамадым» деп мәлімдеді, бірақ нақты не үшін кешірім сұрағанын айтпады. Прокурор Ерлан Арынға бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот оның жазасын жеңілдетіп, үш жыл шартты мерзім берді және бес жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салды. Ол сот залынан босатылды. Төрт жыл өткен соң, 2018 жылы, Ерлан Арынның Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі “Рухани жаңғыру” институтының директоры қызметін атқарып жүргені белгілі болды. Бұл ақпарат Беларусь университетінің өкілдерімен кездесуге қатысты баспасөз релизінен белгілі болды. Сол кезде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Арынның бұл қызметі мемлекеттік қызметке жатпайтынын, оның «қоғамдық қатынастар саласына» жататынын мәлімдеді. Сол уақыттан бері Ерлан Арын ақпарат алаңында көрінген жоқ. Қазіргі уақытта ол немен айналысып жүргені көпшілікке белгісіз. ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ 2016 жылдың желтоқсан айының соңында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қызметінен босатылды. Экс президент Назарбаев оның қызметінен босатылуын «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне байланысты деп түсіндірді (сол уақытта холдингтің бір құрылымының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізіліп жатқан). Екі аптадан кейін Бишімбаев аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған деген күдікпен ұсталды. Экс-министрдің қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оның шамамен 1 миллиард теңге жымқыру схемасын ұйымдастырды деген күдік бар екенін мәлімдеді. Тергеу мәліметі бойынша, Ұлттық басқарушы холдинг «Бәйтеректі» басқарған кезде (министр болып тағайындалғанға дейін) Бишімбаев Қызылордада шыны зауытын салуға бөлінген қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Сонымен қатар, құрылыс компанияларынан тапсырыстар беру үшін пара алған. Сот процесі 2017 жылдың қазан айында басталды. Сотталушылар қатарында экс-министрден басқа тағы 22 адам болды. Сот отырысы барысында Бишімбаев барлық айыптарды жоққа шығарып, президенттен кешірім сұрады. Ол Назарбаевқа өзінің жұмысқа шақырған адамдарына қателескенін, оларға сенгенін, бірақ олардың сенімін ақтамағанын айтып, жауапкершілікті мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Процесс соңына қарай Бишімбаев тағы да Назарбаевтан кешірім сұрады. Үкім шығар алдында Бишімбаев өзіне тағылған сыбайлас жемқорлық айыптарын мойындады. 2018 жылдың наурызында сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдарда басшылық қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды. Оны мемлекеттік наградаларынан айырып, заңсыз жолмен алынған мүлкін тәркіледі. 2019 жылдың 13 ақпанында экс президенттің рақымшылығымен оның жазасы 10 жылдан 4 жылға дейін қысқартылды. Сол жылдың қазан айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Сот шешімінде оның босатылуы заң талаптарына толық сәйкес келетіні көрсетілді: ол кінәсін мойындады, жаза мерзімінің 2/3 бөлігін өтеді, жазасын өтеу мекемесінде үлгілі тәртібімен көзге түсті, 4 рет көтермеленді және ешқандай тәртіп бұзбады, сондай-ақ сот шығындарын толық өтеді. Жазасы 2021 жылдың 9 қаңтарында толық аяқталды. 2024 жылы Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен тағы да сот алдында жауап берді. Сот процесі тікелей эфирде онлайн көрсетіліп, Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде резонанс тудырды. 2024 жылдың 13 мамырында Бишімбаев «аса қатыгездікпен кісі өлтіру» және «азаптау» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 2024 жылдың маусым айында экс-министр апелляцияға шағым түсірді, бірақ бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. ЖАҚСЫЛЫҚ ДОСҚАЛИЕВ Денсаулық сақтау министрінің үстінен қылмыстық іс 2010 жылдың қыркүйек айының басында қозғалды. Алғашында ол қамауға алынбай, тек елден шығуына тыйым салынды. Сондай-ақ, тергеу органдары айыптаулардың мән-жайын ашып айтқан жоқ. Қыркүйектің соңында Досқалиев инсульт алып, ауруханаға түсті. Сол кезде ресми түрде экс-министрге 2005 жылы Медициналық академияның ректоры болып тұрғанда академия аумағында екі тұрғын үй кешенін салу бойынша танысымен заңсыз келісімшарт жасаған деген айып тағылды. Кейін бұл кешендерден салынған пәтерлер академияға қатысы жоқ жеке тұлғаларға сатылған. Нәтижесінде 1 миллиард 400 миллион теңге көлемінде пайда алынған. Тергеу органдары Досқалиев инсультті симуляциялады деп мәлімдеп, айып тағылғаннан кейін елден кетуге тырысты деген негізде оның қамауға алынуын талап етті. Қазан айында ол тергеу изоляторына қамалды. Сот 2011 жылдың мамыр айында ғана басталды. Тергеу барысында оған бұрынғы айыптарға қосымша 2,4 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру және мемлекетке 673 миллион теңге зиян келтіру айыптары тағылды. Досқалиев өз кінәсін мойындамады. 2011 жылдың тамыз айында оны қатаң режимдегі колонияға 7 жылға бас бостандығынан айырып, барлық мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарылды. Түрмеде отырған кезінде Досқалиев Назарбаевтан рақымшылық сұрап, өтініш жазды. 2012 жылдың қаңтарында бұл өтініш қанағаттандырылып, оның жазасы 2 жылға қысқартылды. Осыдан кейін Жақсылық Досқалиев мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш беріп, 2012 жылдың наурызында босатылды. Сол жылдың тамыз айында, соттылығына қарамастан, экс-министр қайтадан мемлекеттік қызметке қабылданып, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың ғылыми қызметкері болып жұмыс істей бастады. 2013 жылдан бері Республикалық трансплантация орталығының басшысы қызметін атқарып келеді. ИСЛАМ ӘБІШЕВ 2019 жылдың наурыз айында ресми БАҚ-тарда Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қызметінен шеттетілгені туралы ақпарат тарады. Бұл шешімге не себепб болғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініктеме бермеді. Алайда бірнеше күннен кейін оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәлімдеуінше, Әбішев Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және облыстың бірқатар ауылдарын сумен қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасасу мақсатында 60 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Жобаның жалпы құны 5,8 миллиард теңгеге бағаланған. Тергеу барысы туралы ақпарат ашық жарияланбады. Сол жылдың қыркүйек айында Әбішевтің адвокаты тергеудің «айыптау бағытымен» жүргізіліп жатқанын және қорғауындағы адамға «қысым көрсетіліп жатқанын» мәлімдеді. Тергеу органдары бұл айыптауды жоққа шығарды. 2020 жылдың 18 ақпанында сот Әбішевті «Соколов топтық су құбырын реконструкциялау туралы келісімшарт жасасу мақсатында 60 миллион теңгеден астам пара алуға әрекеттену» бабы бойынша кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушының кінәсін мойындағаны немесе мойындамағаны туралы ақпарат берілмеді. 2021 жылдың маусым айында апелляциялық сот алқасы Ислам Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл шешімнің негізгі себебі оның 63 жастағы денсаулық жағдайы болды. 2023 жылы Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстарының әлі де аяқталмағаны және жобаның 2018 жылы басталғанына қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар ауылдарға ауыз су әлі жетпегені белгілі болды. 2024 жылы Өскемен қаласының экс әкімі Жақсылық Омар қала күні мен Конституция күніне орай Ислам Әбішевке «Өскемен қаласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісін табыстады. Айта кетейік, Әбішев 2009-2012 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі болған. Әлеуметтік желілердегі сыннан кейін, әкімдік бұл төсбелгінің «күші жойылғанын» хабарлады. Нартай Дүтбаев Бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Дүтбаевты 2016 жылы оның бұрынғы әріптестері «мемлекеттік құпияны жария етті және билікті асыра пайдаланды» деген күдікпен ұстаған. 2017 жылы сот оны 7,5 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салатын үкім шығарған. Бірақ кейін оған қатысты жаңа ойындар басталды: 2018 жылы Дүтбаевқа бірнеше бап қосылды – билікті асыра пайдаланды, сеніп тапсырылған мүлікті иемденді және ақшаны жылыстатты” деген айыппен мерзімін 12 жылға дейін ұзартты. Бірақ бір жылдан кейін бұл мерзім 11 жылға қысқарды. Ал 2020 жылы Дүтбаев ғайыптан тайып мерзімінен бұрын босап шықты. Түрмеде үш жылдан сәл артық отырған оның неліктен ертерек босатылғаны толық түсініксіз. Дегенмен бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берілгені бар. Оған сәйкес, Дүтбаев мерзімінің жартысынан астамын өтеген (Қылмыстық кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес, тергеу изоляторында 1 күн 1.5 күн болып есептеледі) және жасы 64-те. Айтпақшы, биыл жыл басында Дүтбаев ҰҚК мен Кәрім Мәсімовтің қаңтар оқиғасы кезіндегі әрекеттеріне байланысты белсенді түрде сұхбат берген болатын. Сондай-ақ, ҚазАвтоЖол" басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Мұратұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, оған қоса мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқара алмайды.Сот Асқар Мұратұлы мен кәсіпкерді алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемденді және жымқырды (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) деп айыптады. Айыпталушылар кінәсін мойындамады, өздерін ақтауды сұрады. Аса ірі көлемде пара алған Мұхамедиұлы Арыстанбек Мұхамедиұлы 2024 жылғы 13 ақпанда сот үкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімге сәйкес, ол аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деген айыппен кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, сот ол мемлекеттік қызметтерде қызмет ету құқығынан өмір бойына шеттетілген. ТЖМ вице-министрі үй салғызамын деп сотталып кетті Бұрынғы төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев 5 жылға сотталды. Мәліметке сүйенсек, ол үйін салу үшін құзыретін асыра пайдаланған. Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сондай-ақ генерал-майор әскери атағынан айырылды. Мемлекетке 1 млрд теңге шығын келтірген Ерлан Қожағапанов Сондай-ақ, мемлекеттің миллиардтарын жеген бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапанов та 3 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Оған 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Айыптау бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі — 1 млрд теңге. Мемлекетке сатқындық жасаған Мәсімов 2022 жылы 6 қаңтар күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовке мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағып, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша тергеуге алған еді. Сонымен қатар, оның орынбасарлары да күдікке ілінген. Бұған дейін Бас прокурор Кәрім Мәсімовтің 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан. Сот процесі «аса құпия» түрде өткізілді. Астана қалалық сотының ресми мәліметіне сәйкес, Сот шешімі бойынша ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы 18 жылға сотталды. Ал оның орынбасарлары А.Садықұлов - 16 жылға, Д.Ерғожин тағылған айыптарға сәйкес - 15 жылға, М.Осипов болса билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы лауазымды қызмет атқара алмайды. Оған қоса, барлығы генерал шендерінен және мемлекеттік наградаларынан айырылды. Сотталғандардың мал-мүліктері де тәркіленді.
«Қамаудағы кландар»: Биліктен — байлыққа, байлықтан — түрмеге түскен шенеуніктер
Қазақстанда аса ауыр коррупциялық қылмыстар саны да күрт өскен. Сотталған жемқорлар саны айтарлықтай артты. "Жаңа Қазақстанды қаптаған жемқормен қалай құруға болады" деген сауал туады. Бір жағынан алғанда, жыл өткен сайын тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны тоқтаусыз а

Қазақстанда аса ауыр коррупциялық қылмыстар саны да күрт өскен. Сотталған жемқорлар саны айтарлықтай артты. "Жаңа Қазақстанды қаптаған жемқормен қалай құруға болады" деген сауал туады. Бір жағынан алғанда, жыл өткен сайын тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің саны тоқтаусыз азайып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Соған қарамастан, реестр көлемді болады деп болжанып отыр. 2024 жылдың соңына дейін тергеу базасында 2 098 сыбайлас жемқорлық ісі тіркелген, оның ішінде 1 595-і ауыр, ал 89-ы аса ауыр санатқа жатады.
Ресми реестр сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды рөл атқаруы мүмкін. Ең болмағанда, бюджет қаражаты мен параны заңсыз иемденуге әуес тұлғалардың есімдері жария болады. Қазір тек резонансты істер ғана жұрт назарына ілігеді. Мысалы, мынадай жағдайларды еске түсіруге болады:
АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ
2002 жылдың наурыз айында Абылай Мырзахметов аяқ астынан көлік және коммуникация министрі қызметінен кетті. Үш айдан кейін ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айыппен қамауға алынды. Тергеу барысында 1997-2002 жылдар аралығында 3,3 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды.
2023 жылдың мамырында сот шешімімен іс қатысушыларының көпшілігі жазаланғанымен, Мырзахметов 5 жылға шартты түрде жазаланды және мемлекетке 1,1 миллиард теңгені қайтаруға міндеттелді. Қаражат қайтарылды ма, жоқ па, белгісіз.
Дегенмен, соттан кейін екі жыл өткен соң, ол Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы болды. Кейін ол «Атамекен» ҰКП-ның басшысы қызметін атқарды. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін бұл қызметінен кетті.
2023 жылы Мырзахметов алаяқтық бойынша тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2024 жылы ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 5,8 миллиард теңге заңсыз алынған қаражат тәркіленді. Оған мемлекеттік наградалардан айыру және 10 жылға мемлекеттік қызметке оралуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.
СЕРІК АХМЕТОВ
Серік Ахметов 2014 жылы қамауға алынды. Сол кезде ол алты айдан бері Қорғаныс министрлігін басқарған еді. Оған дейін, 2012 жылдан 2014 жылдың сәуір айына дейін премьер-министр қызметін атқарған. Алайда ол Қарағанды облысының әкімі болған кездегі (2009-2012) сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін сотталды.
Оған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу айыптары тағылды.
Сонымен қатар, оған аса ірі көлемде пара ($2,5 млн) алған деген айып тағылған болатын, бірақ сот процесі барысында прокурорлар бұл айыптан бас тартты. Оның үстіне, “қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану” бабы “заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау” бабына ауыстырылды.
Сот процесі 2015 жылдың шілде айында басталды. Серік Ахметовпен бірге облыстың бұрынғы әкімі Бауржан Әбдішев, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов және Қарағанды облысының тағы 17 шенеунігі сотталды.
2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ахметов тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамады, бірақ экс-президент Назарбаевтан кешірім сұрады. Ол “сенімді ақтамадым және Қарағанды облысында қалыптасқан жағдай үшін моральдық жауапкершілікті мойындаймын” деп мәлімдеме жасады.
2016 жылдың наурыз айында апелляциялық шағымнан кейін сот оның жазасын сегіз жылға дейін қысқартты. Ахметов мемлекетке келтірілген 2,5 миллиард теңге залалды толық өтеді.
2017 жылдың басында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына жарияланған рақымшылық аясында Ахметовтің мерзімі тағы екі жылға қысқартылды. Ал қыркүйекте оның нақты мерзімі шектеу жазасымен алмастырылып, Серік Ахметов түрмеден босап шықты.
2021 жылы пробация қызметі Ахметовтің жазасын толық өтегенін мәлімдеді.
Серік Ахметов 2022 жылы ел алдына қайтадан шыға бастады. YouTube-та берген сұхбатында ол:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·