"Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді. Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр. Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!", - делінген хабарламада.
Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні саналған - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. "Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·