«Қазақмыс» қаза болған кеншілердің отбасына қанша өтемақы төлейді
«Қазақмыс» корпорациясы шахтада болған төтенше жағдайдың бастапқы себебі құлау болуы мүмкін деп мәлімдегенімен, құтқару бригадалары оқиға орнына түскен соң бұл болжам расталмағанын хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Қазіргі таңда апаттың табиғи газдың шығуыме

«Қазақмыс» корпорациясы шахтада болған төтенше жағдайдың бастапқы себебі құлау болуы мүмкін деп мәлімдегенімен, құтқару бригадалары оқиға орнына түскен соң бұл болжам расталмағанын хабарлады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қазіргі таңда апаттың табиғи газдың шығуымен байланысты болуы мүмкін екендігі зерттеліп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін кен орнының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қаза болған шахтерлардың отбасыларына көмек
📌 "Қазақмыс" компаниясы марқұмдардың денелерін туыстары сұратқан аймақтарға тасымалдау шығындарын өз мойнына алды.
📌 Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 2,2 миллион теңге.
📌 Отбасыларына жылдық жалақының 10 еселенген мөлшерінде өтемақы төленеді (84 млн – 141 млн теңге аралығында).
📌 Марқұмдардың банктер алдындағы қарыздарын өтеу қарастырылуда.
Компанияның мәліметінше, Bank RBK, Kaspi және Halyk Bank банктерінде 47,5 миллион теңге көлемінде несиелер мен ипотекалар анықталған. Оларды жабу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұқсас материалдар

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·