Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан «алтын қорын» жоғалтып жатыр: неге кәсіби мамандар Өзбекстанды таңдайды?

Соңғы жылдары Қазақстаннан еңбек миграциясының бағыты өзгеріп келеді. Бұрын «ми ағымы» Еуропа елдеріне, Ұлыбританияға немесе БАӘ-ге көшуімен байланысты болса, бүгінде білікті мамандар жиі Ташкент қаласын таңдауда. Qazaq Expert Club персоналды дамыту саласының сарапшысы Арман Шоқп

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Қазақстан «алтын қорын» жоғалтып жатыр: неге кәсіби мамандар Өзбекстанды таңдайды?
Соңғы жылдары Қазақстаннан еңбек миграциясының бағыты өзгеріп келеді. Бұрын «ми ағымы» Еуропа елдеріне, Ұлыбританияға немесе БАӘ-ге көшуімен байланысты болса, бүгінде білікті мамандар жиі Ташкент қаласын таңдауда. Qazaq Expert Club персоналды дамыту саласының сарапшысы Арман Шоқпаров Өзбекстанда жұмыс істейтін 60-тан астам қазақстандық арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу аясында қазақстандық экспаттың (Qazaq Expat) орташа бейнесі қалыптастырылып, көшуге қатысты күтілімдер мен шынайы жағдайдың сәйкестігі бағаланды.
«Әңгіме жас мамандар туралы емес, 30–45 жас аралығындағы, 10 жылдан 20+ жылға дейін тәжірибесі бар қалыптасқан кәсіби мамандар туралы. Олардың негізгі қызмет салалары: қаржы секторы – банктер мен fintech, IT және телеком, халықаралық консалтингтік компаниялар. Көпшілігі жұмысты белсенді іздеу арқылы емес, өзбекстандық жұмыс берушілердің хантингі арқылы немесе халықаралық компаниялар ішіндегі ауысулар арқылы табады», – дейді Арман Шоқпаров.
Көшуге негізгі түрткі болатын факторлар – қаржылық жағдай мен кәсіби мүмкіндіктер. Сауалнама деректеріне сәйкес, релокация кезінде базалық жалақы орта есеппен 50–100%-ға өседі, ал респонденттердің 40%-ында ол екі еседен де көп артқан. Сонымен қатар, Арманның айтуынша, мотивация тек табыспен шектелмейді. Қатысушылар кәсіби сын-қатерлерді, дамып келе жатқан экономикадағы жобалардың ауқымын және халықаралық тәжірибе алуға деген ұмтылысты да атап өтеді.
«Алайда бастапқы күтілімдер тез түзетіледі, – деп толықтырады Арман Шокпаров. – Респонденттер негізгі шектеулердің бірі ретінде бизнес-ортаның жетілу деңгейін атайды. Олардың бағалауынша, Қазақстан цифрландыру мен корпоративтік стандарттарды енгізу кезеңінен 8–10 жыл бұрын өткен, бұл басқару мен бизнес-процестерге жоғары талаптар қояды. Ал Өзбекстанда корпоративтік мәдениет пен бизнес тәжірибелері көбіне төмен деңгейде бағаланады».
Соған қарамастан, осындай жағдайларда да сауалнамаға қатысқандардың тек үштен бірі ғана алғашқы келісімшарт аяқталғаннан кейін Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр. Қалғандары не Өзбекстанда 3–5 жылға дейін ұзақ мерзімге қалуды қарастырады, не бұл тәжірибені басқа елдерге көшуге дайындық кезеңі ретінде қабылдайды. Сарапшының пікірінше, бұл Қазақстанның уақытша емес, ұзақ мерзімді адами капиталын жоғалтып жатқанын білдіреді. Жоғары білікті мамандар халықаралық ортаға бейімделіп жатыр, ал оларды қайтару үшін отандық еңбек нарығы әрдайым ұсына алмайтын жағдайлар қажет. Ішкі нарық үшін бұл жүйелік тәуекелдер туғызады. Әңгіме басқарушы буынның әлсіреуі, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі және инвестициялық ағындардың дайын кадрлар арқылы мықты командалар құру оңай елдерге ауысуы туралы болып отыр.
«Егер жағдай өзгермесе, Қазақстан басқарушылық құзыреттердің тапшылығына тап болып, сыртқы мамандарға тәуелділігі артуы мүмкін», – деп қорытындылады Арман Шокпаров.
Фото: ИИ

Ұқсас материалдар

Қазақстан «алтын қорын» жоғалтып жатыр: неге кәсіби мамандар Өзбекстанды таңдайды? · Todayinfo