Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді

2025 жылғы 16 мамырда таңғы сағат 05:12-де Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық бақылау орталығы хабарлады. Жера

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
2025 жылғы 16 мамырда таңғы сағат 05:12-де Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық бақылау орталығы хабарлады. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілмеген. Мамандардың айтуынша, бұл – орташа қуатты сейсмикалық оқиға. Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтары сейсмикалық белсенді аймақтарға жатады. Сондықтан мұндай табиғи құбылыстар бұл өңірлерде жиі тіркеліп отырады.  

Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді · Todayinfo