Құрылыс жұмысына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
- жеңіл көліктер мен автобустардың өтуі уақытша тоқтатылады;
- тек жүк көліктері электрондық кезек жүйесі арқылы өте алады (күніне 200-250 жүк көлігі).
Альтернативті шекара бекеттері
«Сырым» бекетінің жабылуына байланысты жүргізушілерге мына өткізу пунктерін пайдалануға кеңес беріледі:- «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) – екіжақты бекет, ҚР және РФ азаматтарына. Орналасқан жері: Орал – РФ шекарасы, 33 км (KZ07-01 жолы).
- «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті. Орналасқан жері: Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы, 144 км (KZ07-04 жолы).
- «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) – халықаралық өткізу бекеті. Орналасқан жері: Орал – Тасқала – РФ шекарасы, 104 км (KZ07-06 жолы).




