Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан неге IBA чемпионатына қатысты? Министр жауап берді

Министр Мырзабосынов Қазақстанның неге IBA турниріне қатысқанын түсіндірді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстан неге IBA чемпионатына қатысты? Министр жауап берді

Қазақстан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елдің World Boxing пен IBA ұйымдарындағы болашағына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан спортшыларына жарыс тәжірибесі қажет болғандықтан, екі ұйымның да турнирлеріне қатысып жатыр.

Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше, Халықаралық Олимпиада комитетімен ресми жұмыс жасайтын негізгі ұйым — World Boxing. Қазақстан осы ұйымға мүше және онда әйгілі боксшы Геннадий Головкин лауазымды қызмет атқарып келеді.

Ал IBA болса, келешекте коммерциялық бағыттағы жарыстарға айналуы мүмкін. Мырзабосыновтың айтуынша, дәл қазір әлемнің мықты құрамалары қатысып жатқандықтан, бұл бәсекелерді жоғары деңгейлі тәжірибе ретінде қарастырып, қазақстандықтар да бақтарын сынап жатыр.

Казақстан екі ұйымға бірдей мүше бола ала ма?

Министр қалыптасқан жағдайда халықаралық ұйымдардың шешімдерімен жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Бірақ, әзірге, IBA мен World Boxing ұйымдастырып жатқан жарыстарға қатысу ел спортшылары үшін маңызды тәжірибе көзі болып тұр.

Айта кетейік, Қазақстан қазіргі таңда World Boxing пен IBA-ға қатар мүше болып табылады. Соған қарамастан, соңғы IBA әлем чемпионатында еліміздің спортшылары үш алтын, бір күміс және екі қола медаль алып, командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Ұқсас материалдар

Қазақстан неге IBA чемпионатына қатысты? Министр жауап берді · Todayinfo