26 желтоқсанда осы істі қарап жатқан арнайы прокурор Юн Сок Ёльге әділеттілікке кедергі келтірді деген айыппен экс-президентті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. ТҮРМЕДЕН АТУ ЖАЗАСЫНА АУЫСТЫРУ Yonhap мәліметінше, прокурор өлім жазасын талап еткен сәтте Юн Сок Ёль сот залында жымиып отырған, ал оның кейбір жақтастары дауыстап қарсылық білдірген. Сот тыңдауы шамамен 11 сағатқа созылған. Үкім 19 ақпанда жарияланбақ. Тергеу дерегінше, Юн 2025 жылдың қаңтарында тергеушілердің өзін қамауға алуына кедергі келтіріп, президент резиденциясында бекініп алған. Осы эпизод үшін оған 5 жыл түрме жазасы талап етілді. Тағы 3 жыл — әскери жағдай енгізу жоспары талқыланған жиынға министрлер кабинетінің тоғыз мүшесін шақырмағаны, шетелдік БАҚ-та жалған ақпарат таратқаны және әскери басшылық пайдаланған қорғалған телефондардағы әңгімелердің жазбаларын жойғаны үшін сұралған. Қалған 2 жыл — әскери жағдай енгізу туралы жалған жарлықты дайындап, кейін оны жойғаны үшін. АЙЫПТАУЛАР АЗАЙМАЙ ОТЫР Тергеу органдарының мәліметінше, Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты тағы үш қылмыстық іс бойынша фигурант болып отыр. Солардың бірінде ол бүлік ұйымдастырды деп айыпталған. Бұдан бөлек, қараша айында арнайы прокурорлар тобы оны Солтүстік Кореяға көмектесті және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деп те айыптаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Юн 2024 жылдың қазанында КХДР аумағына дрондар жіберіп, қақтығыс туғызуға және соны сылтау етіп елде әскери жағдай енгізуге тырысқан. Еске салайық, Оңтүстік Корея Республикасының экс-президенті Юн Сок Ёль 2024 жылдың маусым айында Астанаға келген еді. Қазақстан шенеуніктерінің Юн Соктың әйеліне аса қызығушылықпен тамсана қараған сәттері ақпарат әлеміне тарап кеткен еді. Фото: kz.kursiv— Бұрынғы президент Юн әскери жағдайды өз билігін сақтап қалу үшін енгізбек болды. Ол ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс ресурстарды жеке саяси мақсаттарына пайдаланған. Сондықтан бұл қылмыстың сипаты аса ауыр, — делінген айыптауда.
Қазақстан шенеуніктері әйелінің сұлулығына сұқтанған: Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына тартылуы мүмкін
Фото: AP Photo / Chung Sung-Jun Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өлім жазасын кесуді талап етті. Ауыр жаза оның елде әскери жағдай енгізуге бағытталған сәтсіз әрекетіне байланысты қойылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Yonhap аге

Фото: AP Photo / Chung Sung-Jun
Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өлім жазасын кесуді талап етті. Ауыр жаза оның елде әскери жағдай енгізуге бағытталған сәтсіз әрекетіне байланысты қойылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, Сеулдің Орталық аудандық сотындағы қорытынды отырыс барысында арнайы прокурордың көмекшісі Юн Сок Ёльді билікті ұзақ уақыт ұстап қалу үшін сот және заң шығару жүйесін бақылауға алуға тырысты деп айыптады.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·