Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан тумасы: Жапонияда белдескен атақты балуан Салман Хасимиков қайтыс болды

Аты аңызға айналған ресейлік балуан Салман Хасимиков 73 жасында өмірден өтті. Даңқты балуанның өмірден өткенін Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Салман Хасимиков — еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы (1979, 1981, 1982, 1983) және екі д

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстан тумасы: Жапонияда белдескен атақты балуан Салман Хасимиков қайтыс болды
Аты аңызға айналған ресейлік балуан Салман Хасимиков 73 жасында өмірден өтті. Даңқты балуанның өмірден өткенін Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Салман Хасимиков — еркін күрестен төрт дүркін әлем чемпионы (1979, 1981, 1982, 1983) және екі дүркін Еуропа чемпионы (1979, 1981). Өзі 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен. Сонымен қатар ол бірнеше жыл бойы кәсіби рестлингпен де айналысып, ауыр салмақта халықаралық Гран-при турнирінің чемпионы атанған.
Сөйте тұра Хасимиковке Олимпиада ойындарына қатысу бақыты бұйырмапты. 1976 жылғы ойындар алдында жарақат алып қалса, 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада қарсаңында КСРО чемпионатында ұлттық құрамадан тыс қалды. Ал 1984 жылғы Олимпиада ойындарына КСРО бойкот жариялап, қатысқан жоқ.

Ұқсас материалдар

Қазақстан тумасы: Жапонияда белдескен атақты балуан Салман Хасимиков қайтыс болды · Todayinfo