Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда 37 градус аяз: бірнеше облыста мектеп оқушылары сабаққа бармайды

Қазақстанның бірнеше облысында -37 градусқа дейін аяз болып, мектеп оқушылары жаппай қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстанда 37 градус аяз: бірнеше облыста мектеп оқушылары сабаққа бармайды

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне келген қақаған аязға байланысты бірнеше қалада мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

27 ақпанда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Астана, Қарағанды, Өскемен, Петропавл және Павлодар қалаларының білім басқармалары осындай шешім қабылдады.

Астанада екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Ал Қарағанды мен Өскеменде екі ауысымның да 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.

Петропавл қаласында бірінші ауысымдағы 0-11 сыныптар, ал Павлодарда екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үйден білім алады.

"Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері де аяздың беті қайтпайды", - деп ескертеді мамандар.

Ата-аналарға балаларының мектепке барып-бармайтыны туралы ақпаратты жергілікті білім басқармаларының ресми хабарламаларынан тексеріп отыруға кеңес беріледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Қазақстанда 37 градус аяз: бірнеше облыста мектеп оқушылары сабаққа бармайды · Todayinfo