Қазақстанда мандарин импорты рекорд жаңартты: Жаңа жылда тапшылық болмайды
Қазақстанда мандарин импорты 75,6 мың тоннаға жетіп, соңғы 10 жылдағы рекордты жаңартты.

Ресми мәліметке сүйенсек, 2025 жылы Қазақстан мандарин импортынан бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізді. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері елге 75,6 мың тоннадан астам мандарин жеткізілген.
Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға көп. Мұндай көлем соңғы он жылда алғаш рет тіркеліп отыр, яғни бұл – тарихи рекорд.
Қызығы, мандарин көлемі артқанымен, олардың жалпы құны азайған. 2024 жылы импортқа 38 млн доллар жұмсалса, биылғы он айда бұл көрсеткіш 37 млн долларды құрады. Яғни бір тоннасының бағасы орта есеппен 20%-ға арзандаған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·