Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

Маңғыстау облысының оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2025) жоғары нәтижеге қол жеткізіп, аймақтың ең үздік лингвисі атанды. Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлайды. Биылғы APLO-2025 олимпиадасы Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы Қытай, Ав

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды
Маңғыстау облысының оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2025) жоғары нәтижеге қол жеткізіп, аймақтың ең үздік лингвисі атанды. Бұл жайында Todayinfo.kz хабарлайды. Биылғы APLO-2025 олимпиадасы Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы Қытай, Австралия, Жапония, Корея, Сингапур, Таиланд сынды елдерден 500-ге жуық дарынды оқушыны біріктірген халықаралық білім бәйгесі ретінде өткізілді. Олимпиада нәтижесі бойынша Маңғыстау облысындағы мамандандырылған IT-лицейдің 10-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев барлық қатысушылардан үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бұл жетістік оны Азия-Тынық мұхиты аймағының абсолютті чемпионы мәртебесіне жеткізді. Қазақстан құрамасының тарихи жетістігі: 5 медаль және 3 Құрмет грамотасы 2025 жылғы APLO олимпиадасында Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жалпы есепте еліміздің дарынды оқушылары 5 медаль мен 3 Құрмет грамотасын иеленді: Рамазан Бутантаев — 10-сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы
  • Самир Сарбасов — 12-сынып, НЗМ, Астана қаласы
  • Тимур Кантаев — 11-сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы
  • Зере Серікова — 11-сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы
  • Темірлан Сейтбаттал — 11-сынып, БИЛ, Ақмола облысы
Құрмет грамотасымен марапатталғандар: ✅ Ислам Сипатталов — 10-сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы ✅ Шыңғыс Қарасаев — 11-сынып, НЗМ, Орал қаласы ✅ Арон Хасанов — 11-сынып, БИЛ, Атырау қаласы Олимпиадаға қатысушыларды дайындаған маман Қазақстан құрамасының лингвистика бойынша жаттықтырушысы — Аида Давлетова, ол — халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, қазіргі уақытта Германиядағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті. APLO — жас лингвистерге арналған халықаралық алаң Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыс. Олимпиада логикалық ойлау қабілеті, тілдік түйсік пен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл жарыс Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады.  

Ұқсас материалдар

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды · Todayinfo