Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстандық жас спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста топ жарды

2025 жылғы 16-26 мамыр аралығында Моңғолияның Өлгий қаласында тоғызқұмалақтан 11, 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өтті. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының ұйымдастыруымен өткен додаға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан елдерінен ж

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Қазақстандық жас спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста топ жарды
2025 жылғы 16-26 мамыр аралығында Моңғолияның Өлгий қаласында тоғызқұмалақтан 11, 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өтті. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының ұйымдастыруымен өткен додаға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстан елдерінен жас спортшылар қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қазақстандық жасөспірімдер құрама командасының бұл жарысқа қатысуына ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және Спортты қолдау қоры демеушілік жасады.

Классика санаты бойынша жеңімпаздар:

11 жасқа дейінгі ұлдар:
  • Мұхаммед Амангелді (Қазақстан)
  • Дияр Бақытбек (Қазақстан)
  • Жантілеу Орынтай (Моңғолия), Асқарбек Ербол (Моңғолия)
11 жасқа дейінгі қыздар:
  • Арна Қуатова (Қазақстан)
  • Дана Назкей (Қазақстан)
  • Назел Ахметқалиева (Ресей), Әмина Ағарис (Моңғолия)
13 жасқа дейінгі ұлдар:
  • Айсұлтан Қайриденов (Қазақстан)
  • Жасын Әбілхан (Қазақстан)
  • Жандос Нұрғұлан (Моңғолия), Нардәулет Орнықпай (Ресей)
13 жасқа дейінгі қыздар:
  • Айжан Темірбаева (Қазақстан)
  • Сайдулла Нұғайым (Қазақстан)
  • Риана Тартулова (Ресей), Муслима Қошқарбаева (Өзбекстан)
15 жасқа дейінгі ұлдар:
  • Арнат Қайриденов (Қазақстан)
  • Аян Қуаныш (Қазақстан)
  • Әлияр Қасенов (Ресей), Жанәлі Самарханов (Ресей)
15 жасқа дейінгі қыздар:
  • Әзеля Әбдіралы (Қазақстан)
  • Райхан Оразбаева (Қазақстан)
  • Айгерім Ерлан (Моңғолия), Гүлмира Ұспанова (Өзбекстан)
17 жасқа дейінгі ұлдар:
  • Диас Тәстемов (Қазақстан)
  • Ілияс Мұхамеджан (Қазақстан)
  • Мәлік Әсілбек (Моңғолия), Әбділ Салауат (Моңғолия)
17 жасқа дейінгі қыздар:
  • Гүлбахар Сайдулла (Қазақстан)
  • Әзиза Құлбаева (Қазақстан)
  • Амира Матаева (Ресей), Ақбота Бақдәулет (Моңғолия)
Рапид санаты бойынша жеңімпаздар: Қазақстан құрамасы бұл санатта да жоғары нәтиже көрсетіп, алтын, күміс және қола жүлделерді жеңіп алды. Әсіресе, 11-15 жас аралығындағы қатысушылар арасында басымдық танытты. Бұл жарыс Қазақстанның тоғызқұмалақтағы көшбасшы елдердің бірі екенін тағы бір рет дәлелдеп, болашақ чемпиондардың жарқын болашағын айқындады.

Ұқсас материалдар

Қазақстандық жас спортшылар тоғызқұмалақтан халықаралық жарыста топ жарды · Todayinfo