Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанның 17 өңірінде дабылды ескерту: Боран, көктайғақ, қатты жел болады

Синоптиктер Астана, Шымкент және еліміздің 17 облысында ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті. Өңірлерде боран, көктайғақ, тұман күтіледі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Қазақстанның 17 өңірінде дабылды ескерту: Боран, көктайғақ, қатты жел болады

Синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысында ауа райының күрт нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Астанада түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын соғады. Көктайғақ болып, тұман түседі, ал желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Қостанай облыстарында да осындай қолайсыз ауа райы сақталады.

Мамандардың болжауынша, бірқатар өңірде қатты жауын-шашын түсіп, жолдың көрінуі нашарлайды. Кей жерлерде дауылды желдің жылдамдығы секундына 28–30 метрге дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ Петропавл, Көкшетау, Өскемен, Тараз, Шымкент және Жезқазған қалаларында көктайғақ, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен тұман күтіледі.

Ұқсас материалдар

Қазақстанның 17 өңірінде дабылды ескерту: Боран, көктайғақ, қатты жел болады · Todayinfo