Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

27 қаңтарда ауа райы болжамы бойынша: Алматы облысы Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыс және шығыс аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қонаев қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады. Алматы қаласы Т

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
27 қаңтарда ауа райы болжамы бойынша:

Алматы облысы

  • Солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
  • Жел оңтүстік-шығыстан, күндіз батыс және шығыс аймақтарда жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
  • Қонаев қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.

Алматы қаласы

  • Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

  • Батыс және солтүстік аймақтарда тұман.
  • Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

  • Солтүстік, батыс және оңтүстікте тұман.
  • Атырау қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы (БҚО)

  • Солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман күтіледі.
  • Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысы

  • Батыс және солтүстік аудандарында тұман.

Абай облысы

  • Жел оңтүстік-шығыстан, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО)

  • Түнде және таңертең батыс аймақтарында тұман күтіледі.

Қостанай облысы

  • Батыс және оңтүстік аудандарында тұман.

Маңғыстау облысы

  • Түнде және таңертең орталық аудандарында тұман.

Жетісу облысы

  • Жел оңтүстік-батыстан соғады, Алакөл көлдері маңында жылдамдығы 18-23 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысы

  • Батыс, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі.
  • Жел оңтүстік-батыстан, таулы асуларда 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ұқсас материалдар

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды · Todayinfo