Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қазфосфат» ЖШС туралы жарияланған ақпаратқа қатысты теріске шығару

2026 жылғы 2 ақпанда Todayinfo.kz сайтында «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты материал жарияланған болатын. Аталған жарияланымда Жамбыл облысындағы «Новоджамбул» фосфор зауытында болған жазатайым оқиға «Қазфосфат» құрамындағы кәсіпорында орын алды деген мәлімет және «Уралхим» компаниясы

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Қазфосфат» ЖШС туралы жарияланған ақпаратқа қатысты теріске шығару

2026 жылғы 2 ақпанда Todayinfo.kz сайтында «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты материал жарияланған болатын. Аталған жарияланымда Жамбыл облысындағы «Новоджамбул» фосфор зауытында болған жазатайым оқиға «Қазфосфат» құрамындағы кәсіпорында орын алды деген мәлімет және «Уралхим» компаниясы «Қазфосфаттың» акционері болды деген ақпарат берілген.

Алайда, редакцияға ТОО «Қазфосфаттан» 2026 жылғы 6 ақпандағы ресми талап-хат келіп түсті (шығыс № GEN-07), онда жоғарыда көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні хабарланған.

Компания ұсынған ресми құжаттарға сәйкес:

  • Мақалада аталған жазатайым оқиға «НДФЗ» ЖШС кәсіпорнында болған. Бұл кәсіпорын 2023 жылғы қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Қазфосфат» ЖШС құрамынан бөлініп шыққан және қазіргі уақытта дербес заңды тұлға болып табылады. Яғни, ол «Қазфосфат» құрылымына кірмейді.

  • «Уралхим» компаниясы «Қазфосфат» ЖШС-нің акционері (қатысушысы) болып табылмайды және оның қатысушылар құрамына кірмейді.

Осыған байланысты, редакция бұған дейін жарияланған материалдағы жоғарыда аталған деректердің дұрыс еместігін ресми түрде мәлімдейді.

Todayinfo.kz редакциясы оқырмандарға тексерілген және нақты ақпарат ұсыну қағидатын ұстанады және компанияның ресми түсіндірмесін жариялайды.

Ұқсас материалдар

«Қазфосфат» ЖШС туралы жарияланған ақпаратқа қатысты теріске шығару · Todayinfo