148 млн теңге жұмсалған: Қонаев қаласының безендірілуіне қатысты дау шықты
Әлеуметтік желіде Қонаев қаласының эстетикалық безендірілуіне қатысты ақпарат жарияланды. Онда бұл қызметке 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сәйкес емес екені туралы жазылған, деп хабарлайды Todayinfo. Осыған байланысты Қонаев қала

Әлеуметтік желіде Қонаев қаласының эстетикалық безендірілуіне қатысты ақпарат жарияланды. Онда бұл қызметке 148 млн 528 мың теңге жұмсалғаны және қойылған нысандардың техникалық құжаттамаға сәйкес емес екені туралы жазылған, деп хабарлайды Todayinfo.
Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мердігер компания тәуелсіз аудиттерге жүгінгенін хабарлайды. Аудиттің нәтижесіне сәйкес, кемшіліктер анықталса, әкімдік тарапынан мердігерге қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Қалалық ТҮКШ және ТҮИ бөлімінің мемлекеттік тапсырысын орындауға портал арқылы «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК таңдалған. Аталған мекеме орталық алаңға шырша, Д.Қонаев ескерткіші маңына 2025 мерекелік жазуын, түрлі ойыншықтар орналастырып, №5 жағажай аумағын безендіріп, парк, көпір, қалаға кіреберістегі стела мен аллеяларды жарықтандырған, мерекелік ойыншықтар қойған. Мемлекеттік тапсырысты беру кезінде тек Жаңа жылда ғана емес, жыл соңына дейін нысандардың жарықтандырылып, көрікті болуы есепке алынған.
Ал №5 жағажай туристік тартымдылықты арттыру мақсатында безендірілді. Шағын сәулеттік нысандар «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК балансында қалып, келер жылы да пайдаға асады. Жыл соңында қаланы безендіруге мемлекеттік тапсырыс тек қосымша әрлеу ретінде жасалады.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·