Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қостанай облысында үш күн бойы ізделген ер адамның денесі табылды

Қостанай облысының Боровское ауылында 21 сәуірде жоғалып кеткен 29 жастағы Евгений Энгельдің өлі табылғаны белгілі болды. Жас жігітті іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен құтқарушылардан бөлек, жергілікті еріктілер мен ауыл тұрғындары да белсенді атсалысқан. Оның жанында ұ

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Қостанай облысында үш күн бойы ізделген ер адамның денесі табылды

Қостанай облысының Боровское ауылында 21 сәуірде жоғалып кеткен 29 жастағы Евгений Энгельдің өлі табылғаны белгілі болды. Жас жігітті іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен құтқарушылардан бөлек, жергілікті еріктілер мен ауыл тұрғындары да белсенді атсалысқан. Оның жанында ұялы телефоны болғанымен, байланыс құралы біржола өшірілген еді.

Үш күнге созылған іздеу шаралары 24 сәуір күні кешке қайғылы жағдаймен аяқталды. Сағат 19:30 шамасында ер адамның мәйітін су астынан сүңгуірлер тауып шығарды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі таңда өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тексерістің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Фото: instagram / pso_dos.kst_

Ұқсас материалдар