Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Құдалық құтты болсын»: Мөлдір Мұқанова бұрын күйеуге тиіп, балалы болған актрисаға сырға салды

Әлеуметтік желіде актриса Әлия Ануарбекке сырға салынған сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды  Todayinfo. Ол видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, кейінгі кезде әншілігімен көзге түсіп жүрген продюсер Мөлдір Мұқанованың актриса Әлия Ануарбекке сырға салып жатқ

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Құдалық құтты болсын»:  Мөлдір Мұқанова бұрын күйеуге тиіп, балалы болған актрисаға сырға салды
Әлеуметтік желіде актриса Әлия Ануарбекке сырға салынған сәті таспаланған видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo. Ол видеода әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, кейінгі кезде әншілігімен көзге түсіп жүрген продюсер Мөлдір Мұқанованың актриса Әлия Ануарбекке сырға салып жатқанын көруге болады.
"Құлағына сырға салуға келіп қалдық. Сырғамыз салтанатты, құдалығымыз құтты болсын", – дейді Мөлдір Мұқанова.
Еске сала кетейік, актриса Әлия Әнуарбек ең алғаш Ақан Сатаевтың “Ағайынды” телехикаясы, “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы көрерменге танылған актриса.  Көп уақыт үзілістен кейін үлкен киноға оралып, “Бақыт құшағында” мюзиклында басты рольде түсіп жатыр. Актриса сырға салуға қатысты өзі еш ақпарат бермеді.

Ұқсас материалдар