Сот қаулысында күдіктінің кәмелетке толмағаны, мектеп оқушысы екені, тұрақты тұрғылықты жері мен оқу орнының бары, бұрын сотты болмағаны және қылмыстың ашылуына жәрдемдескені ескерілген. Сонымен қатар, оған қатысты қатаң бұлтартпау шарасын қолдану қажеттігін растайтын нақты негіздердің жоқтығы көрсетілген.Сот қаулысына сәйкес, күдікті дереу қамаудан босатылды. Үйқамақ кезінде оған бірқатар шектеу қойылды. Дегенмен, денсаулығына байланысты медициналық мекемелерге баруына және бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабаққа қатысуына рұқсат етілді. Күдіктінің жүріс-тұрысын бақылау Жылыой аудандық полиция бөліміне жүктелді. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Фото: Әлеуметтік желіден
Құлсарыдағы шулы іс: cот 10-сынып оқушысына қатысты күтпеген шешім шығарды
Атырау облысының соты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген 10-сынып оқушысын қамауға алудан бас тартып, оны үйқамаққа жіберді.
Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу

Атырау облысында қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген 10-сынып оқушысы қамауға алынбай, үйқамаққа жіберілді. Сот тергеу органдарының оқушыны екі айға қамау туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жылыой аудандық сотының 2026 жылғы 6 ақпандағы қаулысымен Құлсары қаласындағы №6 орта мектептің 10-сынып оқушысына қатысты бұлтартпау шарасы қаралды. Сотқа дейінгі тергеу органы күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуды сұраған.
Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, оның орнына 6 ақпаннан 6 сәуірге дейін үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Сот өз шешімін бірнеше жайтпен негіздеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Экс-президенттің екінші жұбайы Әсел Исабаева Астанадағы Dinara Satzhan көрсетіліміне барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
ҚМА Эльмира Толегенованың тергеу барысында ықтимал қысым көрсетілгені туралы мәлімдемелеріне түсініктеме берді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматыда ОСИ мен КСК-ны бақылау күшейтіледі: 300 тексеру жоспарланған
Мұхтар Жексенбай·

Жаңалықтар
Жітіқарада отбасылық драма: өгей әке өгей ұлын өлтіріп, әйелін жаралады
Мұхтар Жексенбай·