Қылмыстың құны 6 млн теңге: Шымкентте пара алған полиция басқармасының бастығы сотталды
Фото: gov.kz Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұржан Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. О

Фото: gov.kz
Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұржан Тілеуов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Оған Қылмыстық Кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша айып тағылды.
Сотталушы - Шымкент қаласы полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасының экс-бастығы Тілеуов Нұржан Бекбосынұлы. Ол А. есімді азаматтың қылмыстық ісіне қатысты бапты жеңілдетіп беремін деп, 6 млн теңге көлемінде пара алған.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденген. Алайда ол кінәсін мойындамай, сотта жауап беруден бас тартып, өзіне қатысты ақтау үкімін қабылдауды сұрады.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол арнайы шенінен айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·