Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Қымбат бағаға сапасыз үй сатқан»: BI Group тұрғызған көпқабатты үйдің тұрғындарының шағымы толастар емес

Фото: коллаж Todayinfo.kz Алматыда BI Group компаниясы тұрғызған Arena Park тұрғын үй кешенінің пәтер иелері үйлерінің сапасына байланысты елеулі проблемаларға тап болғанын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың айтуынша, қоныстанған сәтте

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Қымбат бағаға сапасыз үй сатқан»: BI Group тұрғызған көпқабатты үйдің тұрғындарының шағымы толастар емес
Фото: коллаж Todayinfo.kz Алматыда BI Group компаниясы тұрғызған Arena Park тұрғын үй кешенінің пәтер иелері үйлерінің сапасына байланысты елеулі проблемаларға тап болғанын айтып, шағымдануда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың айтуынша, қоныстанған сәттен бастап жертөледе су жиналып, ылғалдылық жоғарылап, жағымсыз иіс пайда болған.  Пәтер иелері бұл жағдай тек денсаулыққа ғана емес, ғимараттың беріктігіне де кері әсер етуі мүмкін деп алаңдаулы.
«Біз BI Group-тен пәтерді жайлы әрі сенімді болар деп алдық. Бірақ қазір ылғал мен сасық иістің ортасында өмір сүріп жатырмыз. Басқарушы компанияға бірнеше рет жүгіндік, бірақ жауаптары ресми ғана, нақты іс-шаралар жоқ», – дейді тұрғындар әлеуметтік желілерде.
Ал BI Service басқарушы компаниясы соңғы су басу жағдайын өрт сөндіру құбырының жарылуымен түсіндірді.
«Бұл бағыттағы алғашқы апаттық жағдай. Техникалық бөлмелердегі су толықтай сорылып алынды, лифт шахталарында жұмыстар жалғасуда. Шығынды тіркеу үшін пәтер иелерімен байланысқа шығамыз», – деп мәлімдеді компания ресми түсініктемесінде.
Дегенмен тұрғындар мұндай апаттар жиі қайталанатынын айтып, мәселенің уақытша емес, түбегейлі шешілуін күтетіндерін жеткізді.
@9x9aКупили квартиру в BI Group — получили постоянные проблемы Мы приобрели квартиру в жилом комплексе от компании BI Group, рассчитывая на комфорт, качество и надежность. Однако реальность оказалась совсем другой: с момента заселения мы регулярно сталкиваемся с потопами в подвале, повышенной влажностью и неприятным запахом. Эти проблемы не только портят качество жизни, но и могут повлечь серьёзные последствия для конструкции дома и здоровья жителей. К сожалению, несмотря на многочисленные обращения в сервисную службу и управляющую компанию, вопрос до сих пор не решён. Реакция — формальная, а реальные меры не предпринимаются. Мы разочарованы уровнем ответственности со стороны застройщика. BI Group позиционирует себя как лидер в строительной сфере, но на деле жильцы остаются один на один с систематическими коммунальными проблемами. Мы призываем компанию BI Group принять реальные меры по устранению причин регулярных потопов и выполнить свои обязательства перед жильцами. Также обращаем внимание общественности, СМИ и соответствующих государственных органов на эту ситуацию. ♬ оригинальный звук - 2x2

Ұқсас материалдар