Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қырғызстан президенті Қамшыбек Ташиевтің жиенін де қызметінен босатты

Қырғызстанда көлік прокуратурасын басқарған Нұрғазы Матисақов лауазымынан босатылды. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің туысы екені айтылады. Бұл ақпаратты жергілікті БАҚ прокуратурадағы дереккөздерге сілтеме жасап таратты. Матисақов

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Қырғызстан президенті Қамшыбек Ташиевтің жиенін де қызметінен босатты
Қырғызстанда көлік прокуратурасын басқарған Нұрғазы Матисақов лауазымынан босатылды. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің туысы екені айтылады. Бұл ақпаратты жергілікті БАҚ прокуратурадағы дереккөздерге сілтеме жасап таратты. Матисақов бұған дейін де қадағалау органдарында түрлі қызметтер атқарған. Әр жылдары Шу облысындағы бірнеше ауданның прокуроры болғаны белгілі. Оның ағасы Байғазы Матисақов кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Ол «Бай Компани» және «Бай-Таш Компани» компанияларын басқарады, сондай-ақ 2021 жылдан бері Жалал-Абад мұнай өңдеу зауытының жетекшісі қызметін атқарып келеді. 10 ақпанда Қамшыбек Ташиев Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланды. Тиісті жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойған. Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Ташиевке жақын адамдар депутаттарға хабарласып, оларды белгілі бір саяси қадамдарға баруға үгіттеген болуы мүмкін. Өз кезегінде Ташиев қызметінен босатылуы өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтты. Соған қарамастан, мемлекет басшысының шешімін орындау міндет екенін жеткізді. Фото: kaktusmedia

Ұқсас материалдар

Қырғызстан президенті Қамшыбек Ташиевтің жиенін де қызметінен босатты · Todayinfo