Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасын жоғары бағалап, Қытаймен арадағы тарихи достық байланыс пен сенімді ықпалдастыққа тоқталды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Қытай халқы
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші елдермен қарым-қатынасын жоғары бағалап, Қытаймен арадағы тарихи достық байланыс пен сенімді ықпалдастыққа тоқталды,деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді», – деді президент.
Президент Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты бағыттардың бірі — көршілес елдермен бейбіт және достық қарым-қатынасты сақтау екенін айтты. Тоқаев:
«Қазақ көршісіне әрқашан арқа сүйеген, көршісінің қасынан табылған. Бұл – атадан қалған өсиет, анадан дарыған қасиет», – деді.
Тоқаев Ресейді Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде атап, Қытаймен ықпалдастықтың терең тарихи тамыры барын жеткізді. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан елдеріне деген бауырластық қарым-қатынасты атап өтті.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның көршілес елдермен арада шешілмеген мәселе жоқ, шекаралар дау-дамайсыз шегенделген. Еліміз әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылыққа негізделген қарым-қатынасты ұстанады.