Қытайдан келген 7 турист суға батып кеткен
Байкал көлінде "УАЗ" маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетіп, салдарынан жеті турист пен жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқиға 20 ақпан күні күндіз болған. Шамамен сағат 15:00-де жүр

Байкал көлінде "УАЗ" маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетіп, салдарынан жеті турист пен жүргізуші қаза тапты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 20 ақпан күні күндіз болған. Шамамен сағат 15:00-де жүргізуші Хужир ауылындағы демалыс базасынан шығып, туристерді Хобой мүйісіне қарай көлдің мұзы арқылы апара жатқан. Жол үстінде көлік мұз ойығына түсіп кеткен.
Көлікте барлығы тоғыз адам болған: сегізі – Қытайдан келген туристер, бірі – 44 жастағы жергілікті тұрғын жүргізуші. Қаза тапқандардың арасында 2013 жылы туған бала да бар. Бір турист аман қалып, сыртқа шыға алған.
Қаза тапқандар арасында Қытай азаматтары – ерлі-зайыптылар, олардың 14 жастағы баласы және тағы бір туысы болғаны белгілі болды. Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзевтің мәліметінше, олар сапарды туроператор арқылы емес, жүргізушімен тікелей келісіп ұйымдастырған.
Алдын ала дерек бойынша, көлік ені үш метрлік мұз жарығына тап болған. Оқиға болған жерде су тереңдігі шамамен 18 метрді құрайды.
Аман қалған жолаушы қазір демалыс базасында. Жақын уақытта тергеушілер одан жауап алады.
Иркутск облысының басшысы Игорь Кобзев Ольхон аралына баратын мұз өткелі әлі ашылмағанын еске салды. Мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынған әрі бұл өте қауіпті екенін атап өтті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Айгуль Забирова: «Выборы в Курултай станут началом работы новой, более адаптивной парламентской модели»
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Аида Балаева Азамат Омаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Осужденный по делу Салтанат Нукеновой брат Бишимбаева освобожден по амнистии
Жаннұр Еділбаева·