Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қызылорда облысы әкімінің қымбат көліктермен жүргені сынға қалды (ВИДЕО)

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Наурыз мерекесіне қымбат Maybach пен Chevrolet Tahoe көліктерімен келуі журналист Асхат Ниязовтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo. Асхат Ниязов өзінің жариялаған видеосында әкімнің сән-салтанаты жарасқан кортежі мен қымбат к

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қызылорда облысы әкімінің қымбат көліктермен жүргені сынға қалды (ВИДЕО)
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Наурыз мерекесіне қымбат Maybach пен Chevrolet Tahoe көліктерімен келуі журналист Асхат Ниязовтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo. Асхат Ниязов өзінің жариялаған видеосында әкімнің сән-салтанаты жарасқан кортежі мен қымбат көліктеріне ерекше назар аударған.
«Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Наурыз мерекесіне орай Шиеліге ат басын тіреді. Әрине, қасында қалың нөкері мен сән-салтанаты жарасқан кортежі де болды.Мұндай көліктер – Maybach пен Chevrolet Tahoe – жергілікті тұрғындардың көз алдында тек облыс әкімі келген кезде ғана көрінеді. Әкімнің өзіне арналған көліктің есігін де өзі ашпайтыны белгілі»,– деп жазды журналист.
Отандық көліктер туралы ереже өзгерді ме? Сонымен қатар, Асхат Ниязов мемлекеттік қызметкерлерге тек отандық көліктерді сатып алу міндеттелгенін еске салып, бұл ереженің күшін жойған-жоймағанын сұрады. "Менің ойымдағы сұрақ басқа: мемлекеттік қызметкерлерге тек отандық өндірістегі көліктерді сатып алу міндеттелген ереже қазір күшін жойды ма?" – деп жазды ол.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Асхат Ниязов (@asshot.inc)

Ұқсас материалдар

Қызылорда облысы әкімінің қымбат көліктермен жүргені сынға қалды (ВИДЕО) · Todayinfo