Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаевтың ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.