«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Қалған өңірлерде найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Шолу:
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы, түнде +4-6 °C, күндіз +17-19 °C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде +13-15 °C, күндіз +23-25 °C болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, түнде +14-16 °C, күндіз +20-22 °C болады.




