Танымал брендтер «Молочные» және «Папа может» шұжықтарынан сальмонелла бактериясы табылды, деп хабарлайды Todayinfo Gazeta.Ru-ға сілтеме жасап.
«Роспотребнадзор» мәліметінше, сальмонелла табылған өнімдер Смоленск облысындағы Гагарин қаласынан жеткізілген. Аталған ет комбинатының негізгі мал шаруашылығы сол жерде орналасқан.
Сонымен қатар, «Владимирский стандарт» сауда белгісінің ветчинасынан тағам өнімдерінде болмайтын қабынуға қарсы препарат — диклофенактың ізі табылған. Ал «Сочинский мясокомбинат» АҚ-ның сүтті шұжығынан өндіріс шығынын азайтатын, ет өнімдерін желімдеуге арналған ферменттік препарат — трансглютаминаза қолданылғаны анықталған.
Фото:freepik



