Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ресейден көшіп, қазақ отбасына келін болған әйел өмір салтымен бөлісті

Ресейден Қазақстанға қоныс аударып, қазақ отбасына келін болған әйел әлеуметтік желіде өзінің күнделікті өмірі жайлы баяндады. Оның айтуынша, келін ретіндегі міндеттері – мәжбүрлілік емес, отбасылық тәрбие мен құрметтің көрінісі,деп хабарлайды Todayinfo.  «Қазақстанға көшіп,

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ресейден көшіп, қазақ отбасына келін болған әйел өмір салтымен бөлісті
Ресейден Қазақстанға қоныс аударып, қазақ отбасына келін болған әйел әлеуметтік желіде өзінің күнделікті өмірі жайлы баяндады. Оның айтуынша, келін ретіндегі міндеттері – мәжбүрлілік емес, отбасылық тәрбие мен құрметтің көрінісі,деп хабарлайды Todayinfo. 
«Қазақстанға көшіп, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Көпшілік мені құлдыққа түскендей көреді. «Таңғы 6-да тұрып, шай құясың, үй жинайсың» деген пікірлер жиі жазылады. Бірақ шын мәнінде, мені ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Біз ата-енемізден бөлек тұрамыз. Олар қонаққа шақырғанда, барып көмектесеміз. Бұл – қалыпты жағдай», – дейді ол.
Келін қазіргі уақытта қазақ тілін үйреніп жүргенін де атап өтті. «Күйеуім үшін және барлығына түсінікті болу үшін қазақ тілін меңгеруге тырысып жүрмін», – дейді ол. Әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген келін өз парақшасында Ресей мен Қазақстандағы отбасылық дәстүрлердің ерекшеліктерін жиі салыстырады. Оның айтуынша, қазақ халқының туыстық қарым-қатынасы, үлкенге құрмет пен отбасы құндылықтары ерекше әсер қалдырған.  

Ұқсас материалдар

Ресейден көшіп, қазақ отбасына келін болған әйел өмір салтымен бөлісті · Todayinfo