Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ресми: Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасынан да тыйым салынған зат табылды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы расталды. VADA ұйымының қорытындысынан кейін оның «В» сынамасы да оң нәтиже берді.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Ресми: Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасынан да тыйым салынған зат табылды

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты соңғы жаңалық жарияланды. Спортшының екінші рет тапсырған «В» сынамасы да оң нәтиже көрсетіп, алғашқы қорытындыны растады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл іспен айналысып жатқан Американың VADA (Voluntary Anti-Doping Association) ұйымы 34 беттен тұратын толық сараптама қорытындысын жолдаған.

«Өкінішке қарай, «В» сынамасы да оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда Жәнібектің ісін біздің федерация қарайды. Себебі ол — КФПБ лицензиясымен өнер көрсететін боксшы, ал оның қатысуымен өткен соңғы бокс кеші Астанада біздің санкциямызбен ұйымдастырылды. Енді басты мәселе – спортшы бұл затты әдейі қабылдады ма, әлде оның ағзаға қалай түскені. Қазір осы сұрақ қарастырылып жатыр», – деді Ерденбеков.

Енді боксшының ағзасына тыйым салынған препараттың қалай түскенін анықтау мақсатында федерация тарапынан арнайы тергеу басталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Ресми: Жәнібек Әлімханұлының «В» сынамасынан да тыйым салынған зат табылды · Todayinfo