Respublica партиясының жетекшісі жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетек

Жаңа Конституцияның жобасы кәсіби заңгерлердің, әртүрлі сала сарапшыларының және азаматтық қоғам өкілдерінің ұзақ әрі жүйелі жұмысы нәтижесінде әзірленді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында Мәжіліс депутаты, «Respublika» партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді.
Айдарбек Қожаназаров, реформаны талқылау алты айдан астам уақыт бойы жүргізілгеніне тоқталды. Осы кезең ішінде жүздеген, мыңдаған азамат өз ұсыныстарын жолдады. Комиссия мүшелері ғана емес, жұртшылық та бұл құжатты қазіргі заман талаптарына толық жауап беретін, терең ойластырылған және елдің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде бағалап отыр. Соған орай ол жаңа Конституцияның жобасын референдумға шығаруды ұсынды.
«Конституциялық комиссияның мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясы пысықталғаннан кейін жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беруге – референдумға шығаруды ұсынамын», – деді депутат.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Пенсионные накопления станет сложнее изъять: что изменится с 5 июня
Жаннұр Еділбаева·