Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Руслан Берденов ауруханадан шығып, қызметіне қайта оралатынын мәлімдеді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған қарулы шабуылдан кейін ауруханадан шығып, қызметке оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Бұл оқыс оқиға маған да, отбасым мен жақ

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Руслан Берденов ауруханадан шығып, қызметіне қайта оралатынын мәлімдеді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзіне жасалған қарулы шабуылдан кейін ауруханадан шығып, қызметке оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Бұл оқыс оқиға маған да, отбасым мен жақындарыма да ауыр тигені анық. Мұны сөзбен айтып жеткізу өте қиын», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, үш аптаға созылған ауруханадағы емдеу кезеңі аяқталып, күнделікті өмірге оралатын уақыт таяған. Шенеунік өзінің жазбасында отандастары мен әріптестеріне, барша қолдау білдірген азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.
«Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі жазбалар көңіліме демеу болды, күш-қуат берді», – деді Берденов.
Ол бұл қолдау қиын кезеңде жігерлендіріп, рухани серпіліс бергенін ерекше атап өтті. Еске сала кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасарына қарулы шабуыл жасалды. Руслан Берденов жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған төрт сағат бойы ота жасаған. Полиция күдіктіні ұстап, "адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.  

Ұқсас материалдар

Руслан Берденов ауруханадан шығып, қызметіне қайта оралатынын мәлімдеді · Todayinfo