Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Садырдың садағы: Қырғызстанның экс-президенті үшінші рет ұзақ мерзімге сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды. Бұл туралы Kaktus.media жазды деп хабарлайды Todayinfo . Бүгін Бішкектің Бірінші май аудандық сотында бірнеше қылмыстық іс, соның ішінде бес жылға созылған Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесі жалғасты. Кеңесу б

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Садырдың садағы: Қырғызстанның экс-президенті үшінші рет ұзақ мерзімге сотталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды. Бұл туралы Kaktus.media жазды деп хабарлайды Todayinfo.

Бүгін Бішкектің Бірінші май аудандық сотында бірнеше қылмыстық іс, соның ішінде бес жылға созылған Қой-Таш оқиғасы бойынша сот процесі жалғасты.

Кеңесу бөлмесінен оралған судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 3 айға соттауға үкім шығарды. Оның мүлкі тәркіленеді, мемлекеттік наградаларынан айырылады.

Сондай-ақ Атамбаевтың серіктестеріне де үкім шықты:

  • Фарид Ниязов – 7 жыл 8 ай;
  • Равшан Жээнбеков – 7 жыл 8 ай;
  • Атамбаевтың бұрынғы оққағары Қанат Сағымбаев – 7 жыл 6 ай. Бірақ бас бостандығынан айырудан 5 жылға пробациялық бақылауға жіберілді;
  • Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Абдылда Суранчиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды;
  • Нарын облысы губернаторының бұрынғы орынбасары Исабек Әбдіғазиев - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазасыз қалды.

Бұлардан бөлек, тағы бірнеше адам сотталды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 7 тамызында Қырғызстанның арнайы жасағы Алмазбек Атамбаевтың Қой-Таштағы резиденциясын шабуылмен алуға тырысқан болатын. Келесі күні арнайы жасақ Атамбаевты резиденциясынан алып шықты.

Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Ұқсас материалдар